«Тәуелсіздік толғауы»

  • Жүктеулер: 10
  • Көрсетілім: 1333
  • Мектеп әкімшілігі
  • 15/Дек/2016

Жарияланған материалдың жеке номері: 20518


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған
концерттің өткізілу сценарийі.
Хабарланбайды Көрініс Мәңгілік Ел
Би «Казақ биі»

Фанфары
1 жүргізуші:
Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,
Құт қонған ел қасиеттен жаралған
Бірлігімнің туын биік ұстаған,
Жаңарған ел Желтоқсаннан нәр алған.

2 жүргізуші:
Армысыздар, аяулы халқым менің,
Ардақта дәстүріңді, салтыңды, елім.
Мереке басы болсын берекенің,
Игі еңбек жемісінің бәрін жегің.

1 жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар! Бәйге төбе мектеп балабақша кешенінің аудан көлемінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу мақсатында өткізіліп отырған «Тәуелсіздік толғауы» атты өнер фестивальіне
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

2 жүргізуші:

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.

1 жүргізуші:
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Ән: «Туған елім» Орындайтындар: Қалбаева Назерке Муслимқызы
Құлыншақова Аружан Ерболқызы

Сахна сыртынан хабарланады : ӘН «Ана туралы жыл » Баймағанбетов Нұртай

2 жүргізуші:
Асланбек , осы 25 жыл ішінде Қазақстан мемлекеті көптеген жаңалықтар мен жетістіктерге қол жеткізді. Соларды Білесің бе?
1 жүргізуші:
- Әрине, есімде.
- 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан өзінің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын жариялады.
- 1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» жарлыққа қол қойды.
- 1991 жылы Қазақ Халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровкім ғарышқа ұшты.
- 1996 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Тәуелсіздік монументі ашылды.Астанада «Астана - Бәйтерек» ескерткіші салынды.
Слайд жүріп тұрады.


1 жүргізуші:
Ел тарихының 25 жылында халқының бірлігін ту еткен қазақ жері бүгінде құшағында 130 – дан астам ұлт өкілдері қамтылған.Атап айтсақ ұйғыр, корей, украин, орыс, неміс, татар және өзге де ұлт өкілдері.Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін, салт – дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған.

2 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

БИ: Орыс биі
Орындайтын мектеп ұжымы қабыл алыңыздар!
Сахна сыртынан хабарланады 1 - жүргізуші:
Тұрағым Қазақстан елді мекенім,
Сүйгем жоқ,сүйе алмаймын жерді бөтен.
Танытқан бар әлемге қазақ атын,
Туымды асқақтата желбіретем.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Ән «Бір Ғасыр» Әбітов Айбек Әбітов Нұрбек

Сахна сыртынан хабарланады 2 - жүргізуші:
Күлкіні іздеме, ол өзіңде,
Күлкіні бағала өзің де.
Жаныңа шипа ем беретін,
Күлкі ғой бағалы өмірде. – дей отырып,
Кезекті әзіл ысқақ қойылымына береміз.

Сахна сыртынан хабарланады
Ән « Батырлар ұраны» Орындайтын Сапен Райымбек Әлібекұлы

Сахна сыртынан хабарланады 1 – жүргізуші
Тәуелсіздік – баға жетпес бағымыз,
Қымбаттан да ең қымбатты барымыз.
Тәуелсіздік – білектегі әліміз,
Тәуелсіздік – жүректегі әніміз

Ән «Тәуелсіздік әні» Орындайтындар Неталы Гүлбаршын, Сағызбаева Ақайна, Алдиярова Алия

Сахна сыртынан хабарланады Көркем сөз «Тәуелсіздік» Қалқаман Сарин
Орындайтын Құлыншақова Аружан Ерболқызы

Ән «Қазақ қызы» Төлеубай Райса

1 жүргізуші:
Ұлыстармыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден.
Достығымыз ғасырларға жарасқан,
Туған елім шарықтай бер, кемелден!
Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек- гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Хабарланбайды
Көркемсөз « » Орындайтын Аманова Гүлжихан Аманқызы

2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік тұғыры ғой бұл елдің,
Тәуелсіздік құтты болсын, нұр елім!
Осы жылдар шықтық талай белеске,
Қазақстан, жасай берші, гүл елім!
Жастар биі «Алға, Қазақстан»
1 - жүргізуші:
Тәуелсіздік алдық бүгін аңсаған,
Күтті мұны қазақ елі, барша адам.
Барлық халық тату – тәтті тұрамыз,
«Жаса жайна, Қазақстан!» деп жар салам.
Ән: «Қазақ осы»
Орындайтын Құлыншақова Аружан Ерболқызы

2 - жүргізуші:
Асыға сәлем жолдап жүректен біз,
Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз.
Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді
Сіздерге тату етіп ұсынамыз
Хабарланбайды
Би: «Тауыс биі». Орындайтын мектебіміздің оқушылары

1 - жүргізуші:
Егемендік – ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күші
Егемендік деген сөзден естілер
Ата жұрттың арғысы мен бергісі

Хор: Қазақстан-елдің аты. Орындайтын мектебіміздің ұжымы

2 - жүргізуші:
Жылжи берші, кезім емес жасқанар,
Бөгей алмас білім атты тас қамал.
Отанымның аяулысы боларсың,
Отан деген отбасынан басталар.
Әні «Мереке » Орындайтын Әбітовтер отбасы

1 - жүргізуші:
Біз әлі жас мемлекетпіз. Солай бола тұрса да 25 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда.Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.

2 - жүргізуші:
Елімізде бейбітшілік , тыныштық болып, егеменді еліміздің көк байрағы биікте желбірей берсін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Келесі кездескенше сау- саламатты болыңыздар!

Бағдарлама
1. Көрініс «Мәңгілік ел» ХАБАРЛАНБАЙДЫ
2. Қазақ биі ХАБАРЛАНБАЙДЫ
3. Ән Қалбаева Назерке, Құлыншақова Аружан
4. Ән Нұртай «Анашым»
5. Орыс биі
6. Домбыра Әбітовтер «Бір ғасыр»
7. Әзіл-ысқақ «Тамаша»
8. «Батырлар ұраны» Сапен Райымбек
9. Тәуелсіздік әні Ағайна, Гүлбаршын, Алия
10. Көркемсөз Құлыншақова Аружан
11. Ән «Қазақ қызы» Төлеубай Райса
12. Көркемсөз Аманова Гүлжихан
13. Жастар биі Флешмоб
14. «Қазақ осы» әні Құлыншақова Аружан
15. Тауыс биі
16. Хор
17. Гүлфайрус апай Мереке әні tarbie.at.ua сайтынан «Тәуелсіздік толғауы» Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Алдиярова Алия Мұратқызы

Атырау облысы, Мақат ауданы, "Бәйге төбе мектеп-балабақша кешені" КММ Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Пікірлер: 0

avatar