Сызықтық алгоритмдерді программалау

  • Жүктеулер: 4
  • Көрсетілім: 1212
  • Мектеп әкімшілігі
  • 23/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21968


Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Ғ. Ауесханов
Күні: 06.12.2016ж
Сыныбы: 7 «А»
Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритмдерді программалау.
Сабақтыңмақсаты
• Білімділік: сызықтық бағдарламаның құрылымымен танысу, өткен тақырыптарды қайталай отырып, сызықтық алгоритмді, блок-схемасын, программасын құру дағдысын қалыптастыру;
• Дамытушылық: есте сақтау қаблетін дамыту, теориялық білім негізін практикамен ұштастыра білуге үйрету;
• Тәрбиелік: пәнге деген қызығушылығын арттыру, әр оқушының алғырлық, зеректік қасиеттерін дамуына жол ашу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақта қолданылатын құрылғылар: компьютерлік сынып, проектор, презентация, смайликтер, таратпа қағаздар, плакат, маркер, компьютерлер
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сынып тазалығын реттеу
2. Оқушыларды түгелдеу
ІІ. Үй жұмысын тексеру. (Тест)
ІІІ. Жаңа тақырыптүсіндіру
Паскаль бағдарламаның тілінде сызықтық программа жасамас бұрын келесі түсініктемеге тоқталайық:
Сызықтық алгоритм дегеніміз- іс әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер.
Паскаль тілінің программасы 3 бөліктен тұрады:
 тақырып жолы
 сипаттау бөлімі
 операторлар бөлімі
Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретінде бірінен кейін бірі тізбектей орындалады.
Паскаль программалау тілінде


Операторлардың жіктелуі
 Операторлар бөлімін begin және end сөздерімен берілетін операторлық жақша қоршап тұрады.
 Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.
 Сызықтық программа қарапайым
операторлардан тұрады.
Сызықтық программаны жазу үшін келесі операторлар қолданылады:
«:=» - меншіктеу операторы;
Read немесе readln –енгізу операторы
Write немесе writeln - шығару операторы
Паскаль бағдарламалау тілінде сызықтық бағдарлама жасамас бұрын келесі түсініктерге тоқталайық:
- Паскаль бағдарламалау тіліндегі операторлар қарапайым және құрама болып бөлінеді.
- Операторлар бағдарламаның begin және end операторларының ішіне алынып жазылады.
- begin және end операторлары операторлық жақшалар деп аталады.
- Қарапайым оператор деп құрамына басқа операторлар енбейтін операторды айтады.
- Бірнеше операторлардан тұратын және begin және end операторларының арасында жазылатын операторларды құрама оператор деп атайды.
- Бос оператор деп «;» операторын айтамыз. Бұл оператор оның алдындағы оператордың аяқталуын көрсетеді.
Енді сызықтық бағдарлама жасауға көшейік.
Еске сала кетейік : Бағдарлама деп белгілі бір бағдарламалау тілінде жазылған реттелген командалар тізбегін айтамыз. Белгілі бір алгоритмді бағдарламалау дегеніміз осы алгоритм орындалатын бағдарлама жазу. Ендеше сызықтық құрылымды алгоритмді бағдарламалап көрейік. Сонымен сызықтық алгоритм деп командалары бірінен соң бірі тізбектеліп орындалатын алгоритмді айтамыз. tarbie.at.ua сайтынан Сызықтық алгоритмдерді программалау Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ауесханов Ғали Оразбайұлы

ОҚО, Ордабасы ауданы, "Ынтымақ" жалпы орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar