Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютер буыны.

  • Жүктеулер: 6
  • Көрсетілім: 1211
  • Мектеп әкімшілігі
  • 23/Фев/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 21967


Сабақ жоспары
Пәні: Информатика
Сыныбы: 6 «Б»
Күні: 22.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютер буыны.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларды ЕТ-нің даму тарихымен оны құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру; ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру,
тәрбиелік: оқушыларды шыншылдыққа ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;
дамытушылық: ЭЕМ-ді қолдану аумақтары туралы ой-өрісін кеңейту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесіп-түсіндіру, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланысы: тарих
Көрнек-құралдары: кесте, оқулық, слайд
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;
б) сабақтың мақсатымен таныстыру.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. Техника қауіпсіздігінің ережелері не үшін керек?
2. Техника қауіпсіздігінің ережелері қанша пунктан тұрады?
3. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қандай талаптар қойылады?
4. Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша см болуы керек?
ІІІ Үй тапсырмасын қорыту
ІV Жаңа білім беру
Компьютерді ойлап шығарғанға дейін де адамдар есептеу құрылғыларының көптеген түрін жасаған. Бүгінгі сабақ сол құрылғылар жайында болмақ.
Шамамен б.д.д. 300 жыл бұрын алғашқы санау құралдары пайда бола бастады. Олар әр елде әртүрлі аталатын еді: абак, орыс шоттары, жапон соробаны.
Римдік абак – ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы болған. Санау үшін осы жолақтарға салынған мәрмәр шариктер қолданылған. (1-сурет)


1-сурет. Римдік абак. 2-сурет. Жапон соробаны 3-сурет. Ресей шоты
Шоттар деп аталатын құрал (3-сурет) ХХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Шотта қосу және алу амалдарын орындау ыңғайлы болатын.
Бірінші механикалық есептеу құрылғысы 1642 жылы құрылды. Машина ондық сандарды қосу және айыру амалдарын орындай алатын. Блез Паскаль жасағандықтан – Паскалина деп аталды. (4-сурет).
Барлық төрт арифметикалық амалдарды орындау үшін неміс математигі Лейбниц 1673 жылы арифметикалық машина жасап шығарды. 1820 жылдары шығарыла бастап, ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін қолданылды. (5-сурет). tarbie.at.ua сайтынан Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютер буыны. Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Ауесханов Ғали Оразбайұлы

ОҚО, Ордабасы ауданы, "Ынтымақ" жалпы орта мектебі информатика пәні мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar