"Бала- болашақ тірегі"

  • Жүктеулер: 8
  • Көрсетілім: 1143
  • Мектеп әкімшілігі
  • 07/Янв/2017

Жарияланған материалдың жеке номері: 20873


Саламатсыздарма құрметті әріптестер! Бәріңізді 2016-2017 оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Жаңа оқу жылында алар асуымыз көп болсын, шығармашылық табыстарға жете берейік дегім келеді.
Баяндамамды бастамас бұрын бәріңізге ортақ «Баланың бәрі бірдей ме?» деген сұрақ қойғым келеді.

Олай болса бірге көз жеткізейік. ( әрқайсысына ақ беттен тарату). Қолдарыңыздағы қағазды өз қалауларыңызша бүктеп, шетін жыртқандарыңыздай, әр баланың тілек қалауы мен арман мақсаттар әр түрлі. Демек әр бала жеке тұлға екеніне көз жеткіздік деп ойлаймын.

“Өркениетті ел қатарына қосыламыз десек, келешекте көш бастайтындай ұрпақ тәрбиелеуге ерекше мән беруіміз керек” деп елбасымыз Н.Ә. .Назарбаев айтқандай, бала тәрбиесіне тек ата – ана ғана емес біз де бірге атсалысуымыз керек.
Баланы адамгершілікке, қарапайымдылыққа, жақсы әдетке, әдемілікке, әдептілікке ұқыптылыққа, жауапкершілікке сөзбен ғана емес, іс әрекетпен де тәрбиелеуге болады. Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейді. Бұл баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі дүниесін оятудың нәтижесінде оның дүниетанымын қалыптастырады.
Оқыту үрдісінің алдында тұрған басты міндет- оқушының ұлттық сана-сезімін оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойында Отанға,туған жерге, ұлтқа деген сүйіспеншілікті, ғасырлар бой қалыптасқан тіл, ұлттық салт-дәстүр, үлгі-өнегені сіңірту.
Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ежелден келе жатқан халық-тық әдістердің бірі – балаға ақыл, өсиет айту және сөз
арқылы баланың көзін жеткізе отырып, болашаққа деген сенімін нығайту. “Баланы 5 жасқа дейін барлық мейіріміңе бөлеп еркелет, 5 жастан13 жасқа дейін құлыңдай көр, ал 13 жастан әрі қарай досың, ақылшыңдай қара” (А.Құнанбайұлы).

«Сен де бір кірпіш дүниеде, Кетігін тап та бар қалан» демекші, бұл балалардың өмірде кірпіш болып қалануы үшін еңбектенген, 7-8 сыныпта жетекшілік еткен Асима Сисенғалиқызын атап кеткім келіп отыр. А.Сисенғалиқызы жетекшілік еткен екі жылда балаларға өздерінің нақты қандай іспен айналысқысы келетінін, жандарына ненің жақын екенін анықтап ұстаз, әрі оқушыларының сырласы бағыттаушысы бола білді. Бұл сыныптың 90 % аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балалары. Сонымен қатар аз уақыт ішінде оқушылардың ата –аналарымен де жақсы қарым – қатынас орната білді. Оқушыларымыздың қазіргі жетістігі аудандық КТК (көңілді тапқырлар клубында сайысқа түсіп, ширек финалға жолдама алды. Тағы бір айта кететін жайт жартылай финалдың марапаттау сәтінде ұйымдастырушылар оқушыларымыздың ЛАЙК командасын ерекшеігін атап, мадақтады. Бұл да сынып жетекшінің баламен қарым –қатынас жасау барысында дұрыс бағыт таңдай білуіің нәтижесі деп білемін.

Біз сонымен қатар ауыл балаларының және мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайын сараладық.
Ауыл балаларының әлеуметтік жағдайы:
0-18 жас аралығында бала саны аз қамтылған отбасы балалары көп балалы отбасы балалары толық емес отбасы балалары (жалғыз ана н/е жалғыз әке) қорғаншылық, қамқорлықтағы балалары әлеуметтік жағдайы жасалған отбасы балалары
61 6 6 8 1 40

Мектеп оқушыларының әлеуметтік жағдайы:
Оқушылар саны аз қамтылған отбасы балалары көп балалы отбасы балалары толық емес отбасы балалары (жалғыз ана н/е жалғыз әке) әлеуметтік жағдайы жасалған отбасы балалары
37 6 6 8 17

Демек ауыл балаларының 70% , ал мектеп оқушыларының 55 %- ның әлеуметтік жағдайы толық қамтылмаған деп түсінеміз.

Мектеп психологы жүргізген оқушыларға арналған «Әкем және мен» сауалнамасының қорытындысы бойынша, қатысқан оқушылардың барлығы дерлік өздеріне әкелері дұрыс көңіл бөлмейді деп есептейді. Бос уақытын әкелерімен өткізгісі келетіні (60%) және ер балалар өздерінің сабаққа дайындығын әкелерімен орындағысы келетіні (80%) сонымен қатар өз әке-
лерінің сеніммен қарағанын қалайтындары (90%) анықталды.

Сонымен қатар “Ата –ананың өз баласымен қарым –қатынасын анықтау” сауалнамасы бойынша ата -аналар өз балаларымен қарым –қатынасы жақсы екенін және балаларына барынша қамқорлық танытып, қолдау көрсететінін жазған. Бірақ оның өзі қазіргі заман талабына сай аздық етеді. Себебі ата –аналардың техниканың дамыған заманында дұрыс көңіл бөлу дегенді басқа заттарды (телефон, планшет, компьютер) алып берумен шатастыруда. Ал баламен ашық әңгімелесу, баланың ішкі қалауымен санасу өкінішке орай қалып қойып жатыр. Осы мәселелердің шешімін табу мақсатында АТ А-АНАЛАРМЕН: Жаңа форматта мектепішілік жалпы ата – аналар жиналысы өткізіліп, бастауыш сынып ата –аналарымен Шаңырақ жобасы құрылды (жетекшісі ата –аналар ком.төрайымы) және Толағай спорттық сайысы, «Анаға қарап қыз өсер» , «Сен бақыттысың ана» атты мерекелік шаралары ұйымдастырылып өткізілді. Видео көрсету.
Қазір өздеріңіздің араңыздан 10 адам шықсаңыздар. «Жалғыз адам не істей алады?» (қатысушылармен қойылым өткізу).
Бәріңізге рахмет мен бүгінгі баяндамамды Василий Александрович Сухомлинскийдің «Тек қана ата –анамен бірге, жалпы күш жігер біріктіру арқасында мұғалім балаға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін » деген сөзімен аяқтағым келеді. Назарларыңызға рахмет!

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімі
Амангелді жалпы білім беретін негізгі мектебі

Баяндама

Тақырыбы:

«Бала – болашақ тірегі»
(Аудандық тәрбие ісі меңгерушілерінің секциялық отырысы)

Дайындаған: Шушакова М.М.

Шыңғырлау 2016 ж. tarbie.at.ua сайтынан "Бала- болашақ тірегі" Мектеп әкімшілігі материалды тегін жүктеп сабақ барысында қолдануға рұқсат етіледі. Жарияланған материалға tarbie.at.ua сайтының әкімшілігі жауапты емес

Авторы: Шушакова Мария Мырзахановна

БҚО, Бөрлі ауданы, "Пугачев мектеп -балабақша кешені" КММ Биология пән мұғалімі

Пікірлер: 0

avatar